Вопрос по казахскому языку:
Еңбекпен тапқан тиын
Біреудің ерке ұлы болыпты, өзі жалқау екен. Әкесі оны бағып-қағып, асырапты. Ақыры кәрілік жеңіп, сырқаты күшейген әке әйеліне айтыпты: – Ұлыма ештеңе қалдырмаймын. Ол – жалқау. Барды ұқсату, табыс табу бұның қолынан келмейді. Жаны ашыған анасы ұлына он сомдық алтын береді: – «Мынаны еңбегіме алған едім» деп әкеңе алтынды сыйлағайсың. Кешке алтынды әкесіне ұсынады. Алтынды шал лаулап жанып жатқан пешке лақтырып жіберіп: – Бұл сенің еңбекпен тапқан ақшаң емес, – депті. Қулықтан ештеңе шықпайтынын білген анасы: – Біз әкеңді алдай алмайтын көрінеміз, балам. Онан да ақшаны жұмыс істеп тап, – деп ақыл айтыпты. Бала үйінен кетіп, апта бойы жұмыс істейді. Тапқан тиынын әкесіне әкеп береді. Қария алтынды тағы да отқа лақтырып жібереді. Бұған ұлы шыдай алмай, жалаңаш қолымен ақшаны суырып алады да: – Әке! Мен бұл тиынды апта бойы шаршап-шалдығып жүріп таптым. Мұныңыз қалай? – деп айқай салыпты. Әкесі тұрып: – Бұл ақшаны өз еңбегіңмен тапқан екенсің, балам. Көзім енді жетті, – депті ұлына.
Ұлының әрекеттеріне баға бере отырып, өз пікіріңізді білдіріңіз.
- 21.06.2018 16:09
- Қазақ тiлi
- remove_red_eye 6000
- thumb_up 47
Ответы и объяснения 1
- 22.06.2018 14:51
- thumb_up 49
Знаете ответ? Поделитесь им!
Есть сомнения?
Не нашли подходящего ответа на вопрос или ответ отсутствует? Воспользуйтесь поиском по сайту, чтобы найти все ответы на похожие вопросы в разделе Қазақ тiлi.
Трудности с домашними заданиями? Не стесняйтесь попросить о помощи - смело задавайте вопросы!
Казахский язык — язык казахов, один из тюркских языков.