Пожаловаться
- 05.11.2017 13:21
- Қазақ тiлi
- remove_red_eye 19074
- thumb_up 40
Ответы и объяснения 1
Әлемнің жарығын, Сыйладың сен маған. Даланың әр гүлін, Жинадың сен маған - деп, атамыз Шәмші Қалдаяқовтың әнінде жырланғандай, ана - әр адамға қымбат адам. Ана өз баласы үшін жанын аямай, бәрін істейді. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың», - деген мақал бекерден айтылмаған. Анаға деген парызымыз шексіз. Ол кішкентайымыздан түн ұйқысын төрт бөліп, әлдилеп бізді бой жеткізді. Бала қуанғанда ана екі есе қуанады, бала мұңайғанда ана мың есе көп мұңаяды. Менің анамның аты - Гүлмира. Мен үшін, менің анам бүкіл әлемдегі ең жақсы, ең мейірімді, ең әдемі, ең білімді тұлға. Анамды өмірімнен де артық жақсы көремін. Менің анам маған әрқашан ақылын айтып, көмектеседі. Анамның жасы тек 37-де болса да, оны барша адамдар қадірлейді. Себебі, анам тек маған емес, кез келген адамға ақылын айтуға дайын. Өмірдегі барлық жетістіктерге өз қолымен, өз еңбегімен жетті. Мен анамды нағыз әйел деп санаймын. Өйткені жас кезінен бері сабағын озат оқып, қазір жақсы қызметте жұмыс істейді, үй жұмысын істеуден де жалықпайды, екі баланы тәрбиелеп, өсіріп келеді. Менде сондай ана болғанына бақыттымын. Мен анамның істегенін жақсы түсіне отырып, оны әрдайым қуантқым келеді. Сабағымды жақсы оқып, үй шаруашылығына көмектесіп, бақытқа бөлеуге тырысамын.
Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/24163/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/24163/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
Пожаловаться
- 06.11.2017 20:50
- thumb_up 28
Знаете ответ? Поделитесь им!
Есть сомнения?
Не нашли подходящего ответа на вопрос или ответ отсутствует? Воспользуйтесь поиском по сайту, чтобы найти все ответы на похожие вопросы в разделе Қазақ тiлi.
Трудности с домашними заданиями? Не стесняйтесь попросить о помощи - смело задавайте вопросы!
Казахский язык — язык казахов, один из тюркских языков.
Новые вопросы