Вопрос по казахскому языку:
Помогитн пожалуйста 20 предложений на тему су пайдасы
ЗАРАНИЕЕ СПАСИБО
- 18.03.2018 09:18
- Қазақ тiлi
- remove_red_eye 15396
- thumb_up 47
Ответы и объяснения 1
Таңертең аш қарынға су ішуді әдетке айналдырған дұрыс.
Мидан бастап асқазанға дейін денедегі бүкіл мүшелердің су қажеттілігі бар. Сондықтан мол су ішіп денедегі су жетіспеушілігінің алдын алу керек. Кафеинсіз кофе, шай немесе шекерсіз табиғи сусындар, сумен араласқан жеміс шырындары және басым бөлігі судан тұратын қарбыз сияқты өнімдер де құрамында карбонгидрат немесе тұз мөлшері көп болмаса су орнына өтеді. Кафеинді шай, кофе, кола секілді сусындар денедегі су жетіспеушілігін одан да арттыратындығы үшін қосымша тағы су ішу керек.Судың денеге пайдалары:
Дене температурасын тұрақтандырады.Азық, қалдық және оттегі тасымалдайды.Бүйрек және бауырдағы қалдықтарды (шлак) тазалайды.Витамин және минералдардың тарауын қамтамасыз етеді.Денені жарақаттанудан қорғайды.Клеткалардың және бұлшық еттердің бірігуін қамтамасыз етеді.Тері клеткаларын ылғалдандырады және сауықтырады.Ас қорытуда жоғарыдан төмен қарай ретімен астың қорытылуынан сіңірілуіне және де ең соңында қалдықтардың шығуына дейін судың міндеті орасан зор.Денеде болатын күніне 2-4 литр су шығынының орнын қайта толтырып тұру қажет. Ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83%, бұлшық еттердің 75%, мидың 74%, сүйектердің 22% судан тұрады. Денеде 20% су жетіспеушілігі болуы өте қауіпті және өлімге дейін жетелейді.
Қажетті мөлшерде су ішпеген жағдайда:
Мидың жұмыс істеуі баяулайды.Қан қоюланады.Жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады.Нәжіс сары түсті болады.Іш қатуына(запор) себеп болады.- 19.03.2018 21:00
- thumb_up 32
Знаете ответ? Поделитесь им!
Есть сомнения?
Не нашли подходящего ответа на вопрос или ответ отсутствует? Воспользуйтесь поиском по сайту, чтобы найти все ответы на похожие вопросы в разделе Қазақ тiлi.
Трудности с домашними заданиями? Не стесняйтесь попросить о помощи - смело задавайте вопросы!
Казахский язык — язык казахов, один из тюркских языков.