Вопрос по казахскому языку:
"Мүшел жас" Диалог(Вопрос-Ответ) по тексту, помогите пожалуйста!!! Срочно!!!
Текст:
Мүшел жас - қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында баланың 13 жасқа толуы алғашқы Мүшелі делінеді, одан кейінгі Мүшел жасы әр 12 жыл қайталанған сайын есептеліп отырады. Ол 25-ке толғанда екі Мүшел, 37-ге толғанда үш Мүшел, 49-ға келгенде төрт Мүшел, 61-ге келгенде бес Мүшел деп есептеледі. Халықтың адам өмірін кезеңдерге бөлуіне байланысты қалыптасқан шартты түрдегі бөліністері мен Мүшел санау үрдістері қоғам мүшесінің әлеуметтену жағдайын, яки қоғамдағы орны мен мәртебесін белгілеуді білдірді. Бірақ бір Мүшел жастағы ерекшеліктен келесі Мүшел жасқа өтуді әлеуметтік құбылыс деп тануға негіз жоқ. Өйткені ол адамның биологиялық қасиеттеріне де тән құбылыс болғандықтан, әр Мүшел ішінде адамның өзіне тән қасиеттері мен болмысы қалыптасады. Мысалы, 1-мүшел балиғатқа толуға байланысты болса, 2-мүшел ат жалын тартып мінген жастың есейген шағы, 3-мүшел ақыл-парасаттың толысу шағы деген адамның физиологиялық-психологиялық жетілулерін меңзейді. Мүшелдер арнайы ғұрыптар арқылы аталып өтілген. Олар: жарты Мүшелге келген ұл баланы сүндетке отырғызып, “атқа мінгізу” мен қыз баланың құлағын тесіп, “сырға тағу”, алғашқы Мүшелінде балиғатқа толуына байланысты “он үште отау иесі” болу, тағы басқа. Мүшелден мүшелге өту аралығындағы жаста адамға қауіп-қатер жуық болады деп есептеліп, тән мен жанның өзгеріске ұшырайтын тоқырау кезі, белесі деп саналды.
Трудности с пониманием предмета? Готовишься к экзаменам, ОГЭ или ЕГЭ?
Воспользуйся формой подбора репетитора и занимайся онлайн. Пробный урок - бесплатно!
- 03.01.2018 10:55
- Қазақ тiлi
- remove_red_eye 2740
- thumb_up 45
Ответы и объяснения 1
-сәлем.
-жағдайың қалай?
-жақсы.
- сеннен бір нәрсе сұрайын деп едім.
-иә, сұра.
-мүшелі жас деген не?
- ол қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі.
- енді түсіндім,ал мүшелі жас неше жастан басталады?
-13 жастан басталады. әрбір мүшеліге 12 жылды қосасың. осылай мүшелі жас шығады
-көмегіңе рақмет . сау бол
-сау бол
- 04.01.2018 04:49
- thumb_up 14
Знаете ответ? Поделитесь им!
Есть сомнения?
Не нашли подходящего ответа на вопрос или ответ отсутствует? Воспользуйтесь поиском по сайту, чтобы найти все ответы на похожие вопросы в разделе Қазақ тiлi.
Трудности с домашними заданиями? Не стесняйтесь попросить о помощи - смело задавайте вопросы!
Казахский язык — язык казахов, один из тюркских языков.