Вопрос по казахскому языку:
Ребят помогите. Составьте Эссе на казахском языке и переводом на русский язык. На тему " Школа моей мечты", " Менің армандаған мектебім"
Заранее большое спасибо ❤
Трудности с пониманием предмета? Готовишься к экзаменам, ОГЭ или ЕГЭ?
Воспользуйся формой подбора репетитора и занимайся онлайн. Пробный урок - бесплатно!
- 06.11.2017 00:48
- Қазақ тiлi
- remove_red_eye 3388
- thumb_up 8
Ответы и объяснения 1
Суретте «Білім ордасына» келетін жеті жол бар. Қазақтардың таным-түсінігінде жеті санының алар орны ерекше. Жолдар арасында бір-біріне ұқсамайтын «аспалы бақ» сияқты ерекше әсем табиғат – бақтар келтірдім. «Білім орданы» айнала баспалдақпен көтерілгенде «Галикарнас мұражайындағындай» биік мұнаралар, жалпы саны жиырма бес. Жиырма төрт мұнара қазақ елінің даңқын көтерген Керей мен Жәнібектен басталған хандар болса, жиырма бесінші қазіргі таңда бейбітшілікте елімізді әлемге танытып отырған ел басшымыз Н.Ә.Назарбаев. Яғни қазақ елінің ұлы тарихы тұлғаларымен теңестіріп алынды. Ғимараттың өзі математика ғылымының негізгі пішіндері шеңбер, төрт бұрыш, үш бұрыштан құрастырылды. Ендеше ғимараттың негізгі бөлігі шеңберлі болса, шаңырағы төрт қырлы, пирамидаға ұқсаған, қай жағынан қарасада үш бұрышты болады. Суреттегі ою – «Өнер-таусылмас қазына, жұтамас-байлық» белгісі.
«Білім ордасының» ішіне саяхат жасасақ, негізгі үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлік ең астында 2 қабаттан, спорт және мәдениетке берілсе, екінші бөлік негізгі ғылымдардың дәріс берер төрт бөліктен тұрады. Оның 1- бөлігі гуманитарлы, 2- бөлігі математикалық, 3- бөлігі жаратылыстану, 4- бөлігі жалпы зертханалық бағытта жұмыс жүргізіледі. Пирамида мүсінді шаңырағы да 2 қабаттан тұрады. Бірінші қабат жиын, конференция, концерт залдарынан тұрса, екінші қабаты ғимараттағы ең үлкен бөлік кітапханаға арналады.
Әлемде талай қызықта, кереметте бар, осы жұмысымды жасау үшін мені таңқалдырып, әрі терең ойға батырған әлем кереметтері. Сол әлемнің кереметі деп отырған кереметтерді салу үшін де білімді қолданды емес пе? Ендеше неге мектеп әлем кереметтерінің қатарына қосылмайды екен? Неге? Неге? Деген сұрақ ойымнан кетпей қойды. Міне сондықтан әлемнің кереметінің бірі бола алатын «Қазақстандық білім ордасы» болсын деген ниетпен салынды. Ендеше, мен жас ұрпақ Болашақ мектеп «Қазақстандық білім ордасы» бұл да білім мен мәдениетке толы ошақ боларына сенемін.
- 07.11.2017 08:07
- thumb_up 15
Знаете ответ? Поделитесь им!
Есть сомнения?
Не нашли подходящего ответа на вопрос или ответ отсутствует? Воспользуйтесь поиском по сайту, чтобы найти все ответы на похожие вопросы в разделе Қазақ тiлi.
Трудности с домашними заданиями? Не стесняйтесь попросить о помощи - смело задавайте вопросы!
Казахский язык — язык казахов, один из тюркских языков.