Пожаловаться
- 12.03.2018 01:59
- Қазақ тiлi
- remove_red_eye 14294
- thumb_up 15
Ответы и объяснения 2
Үстеу – іс-әрекеттің, қимылдың, сындық, сапалық белгісінің сипатын, жай күйін білдіреді. Үстеу грамматикалық тұлғалар арқылы түрленуге, өзгертуге көп көне бермейді. Үстеу құрамына қарай екіге бөлінеді: 1) дара үстеулер; 2)күрделі үстеулер. Дара үстеулерге негізгі және туынды үстеу жатады.
Негізгі үстеулер түбір мен қосымшаға бөлшектенбейді. Мысалы: ерте, тез, жоғары, қазір, жылдам, шапшаң, кеш.
Туынды үстеулер екі түрлі жолмен жасалады: 1) жұрнақ арқылы;
2) кейбір септік жалғауларының түбірмен сіңісіп, көнеленуі арқылы.
1. Туынды үстеу жасайтын жұрнақтар:
-ша, -ше: құсша, ізінше, балаша, бүркітше, жаңаша, бұлбұлша, жекеше;
-лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей: осылай, жүрелей, жаздай, күндей, көктей, асықтай, жапырақтай, жұлдыздай, арыстандай, т. б.
-дайын, -дейін, -тайын, -тейін: бұлбұлдайын, бүркіттейін, жұдырықтайын, асықтайын, бүйректейін, тотыдайын, сұңқардайын, жорғадайын, балықтайын, т. б.
-шама, -шалық: соншама-соншалық, мұншама-мұншалық, т.б.
-майынша, -мейінше, -байынша, -бейінше, -пайынша,-пейінше:оқымайынша, үйренбейінше, білмейінше, жаттықпайынша, көмектеспейінше, жүгірмейінше, сөйлеспейінше, сыналмайынша, күреспейінше, т. б;
2. Кейбір үстеулер түбірге септік жалғауының сіңісіп, көнеленуінен жасалады:
Барыс септіктің көнеленуінен: бекерге (жүрме), ертеңге (дейін), зорға (жетті),босқа (отырма), текке (күлме), т. б.
Жатыс септіктің көнеленуінен: өткенде (айтқан), байқаусызда (жығылды),қапыда (қалды), т .б.
Шығыс септіктің көнеленуінен: төтесінен (айтты), шалқасынан (құлады), т. б.
Пожаловаться
- 13.03.2018 22:49
- thumb_up 32
1.-ша ; ше
2.-лай; -лей ;-дай; -дей; -тай ;-тей
3.-дайын; -дейін; -тайын; -тейін
4.-ншама; -ншалық
5.-майынша; -мейінше; -байынша; - бейінше; -пайынша; -пейінше
2.-лай; -лей ;-дай; -дей; -тай ;-тей
3.-дайын; -дейін; -тайын; -тейін
4.-ншама; -ншалық
5.-майынша; -мейінше; -байынша; - бейінше; -пайынша; -пейінше
Пожаловаться
- 14.03.2018 18:18
- thumb_up 48
Знаете ответ? Поделитесь им!
Есть сомнения?
Не нашли подходящего ответа на вопрос или ответ отсутствует? Воспользуйтесь поиском по сайту, чтобы найти все ответы на похожие вопросы в разделе Қазақ тiлi.
Трудности с домашними заданиями? Не стесняйтесь попросить о помощи - смело задавайте вопросы!
Казахский язык — язык казахов, один из тюркских языков.
Новые вопросы
Интересные вопросы