Вопрос по казахскому языку:
Бұл өлеңнің қысқаша мазмұнын жазып беріңдерші⬇️⬇️⬇️⬇️⬇️
Жүген-құрық тимеген,
Жасынан ноқта кимеген
Алты жасар асауды
Ұстап міндім далада.
Ақырды асау - Жаңғырды дала.
Тулады, орғыды асау -
Дүбірлеп күңіренді дала,
Қиырсыз дала...
Орғыды асау айнала -
Дүбірледі айдала.
Алысып асау осқырды -
Жал-құйрығы желмен ысқырды,
Жүйткіп, зымырап құлашын керді асау. Танаулары шелектей,
Ырсылдап демі көріктей,
Көздері оттай, өріктей.
Өрге қарай орғыса,
Өр не қылмақ асауға?
Жел не қылмақ асауға?
Желге қарай орғыса,
Орғытып, ұшыртып жүріп Көкіректі кернеп,
Кең даланы күңірентіп Қатты айқайлап ән салдым.
Жаңғыртып кең даланы.
Салдым күшті дауыспен ән!
Әніме қосылды: кең дала,
Аққулы-қазды шалқар көл,
Қамысты-құрақты көк өзен Қосылды бәрі шуласып,
Косылды бәрі шаттанып.
Сендерге, қарындастар,
Сендерге, інілер,
Сендерге арналды бұл әндер!
Дүниенің құлдық шынжырын қиратып, Әділдік, теңдік іздеген,
Тұрмыстың таршылық зынданын бұзып, Еркіндік, кеңдік іздеген,
Көкіректері жанып бақыт іздеген, жастар, Сендерге арналды бұл әндер!
- 05.03.2018 23:50
- Қазақ тiлi
- remove_red_eye 13458
- thumb_up 18
Ответы и объяснения 1
Знаете ответ? Поделитесь им!
Есть сомнения?
Не нашли подходящего ответа на вопрос или ответ отсутствует? Воспользуйтесь поиском по сайту, чтобы найти все ответы на похожие вопросы в разделе Қазақ тiлi.
Трудности с домашними заданиями? Не стесняйтесь попросить о помощи - смело задавайте вопросы!
Казахский язык — язык казахов, один из тюркских языков.