Вопрос по казахскому языку:
Плиз!!! Нужно срочно приветствие на конкурс "осенний бал" на казахском языке.помогите пожалуйста.
- 26.09.2018 21:09
- Қазақ тiлi
- remove_red_eye 12481
- thumb_up 20
Ответы и объяснения 1
Армысыздар жиналған көпшіл қауым, Биік қойған жанынан қыздың арын! Қыз өсірген қазақтың қайғысы осы, Қатал сынға салатын әр қадамын! Шын сыналған жүйрікте мін болмайды, Ақылы озық - біреуге күң болмайды! Келіні дана болған қазағымның, Ұлдары өзге елге құл болмайды! Көпшілік мен де өзімді сынға салдым, Ұлықтап қазағымның дәстүр салтын! Топтан озу мақсатым болмаса да, Ару болу мақсатым инабатты! Әділқазы алқасы армысыздар! Бейне бір жауатұғын қармысыздар. Аруларға әділ баға беретұғын, Әділеттен жаралған жанбысыздар?! Атым - ..... болады сұрасаңыз, Албан екен кешегі бір атамыз. Әкем аты ..... асқар тауым, Пана болып біздерге жүз жасаңыз! Анашым .............. қызы, Жүзінен төгілетін күннің нұры. Атыңа кір келтірмей өтсем сенің, Мойнымнан түсер ме екен перзент жүгі..! Ұстазым - ... апай аяулы адам, Біздерден бар білгенін аямаған! Осындай ұстаздардың арқасында, Көпшіліктің көңілі тояр маған! Көп айтып өз жайымды не қылайын, Өнеріммен одан да таң қалдырайын! Кішіге үлгі, үлкенге өнеге болып, Сахнаның төрінде сән құрайын!
- 27.09.2018 02:44
- thumb_up 36
Знаете ответ? Поделитесь им!
Есть сомнения?
Не нашли подходящего ответа на вопрос или ответ отсутствует? Воспользуйтесь поиском по сайту, чтобы найти все ответы на похожие вопросы в разделе Қазақ тiлi.
Трудности с домашними заданиями? Не стесняйтесь попросить о помощи - смело задавайте вопросы!
Казахский язык — язык казахов, один из тюркских языков.