- 26.09.2017 04:42
- Қазақ тiлi
- remove_red_eye 11023
- thumb_up 19
Ответы и объяснения 1
Арқаның Бетпақ деген даласы бар,
Бетпақ шөл, ойлы-қырлы панасы бар.
Сол жерде ел жоқ, көл жоқ өсiп-өнген,
Жәндiктiң киiк деген баласы бар.
Киiктi қазақ және дейдi бөкен,
Бетпақты байғұс бөкен қылған мекен.
Киiктi атып аңшы өлтiргенде,
Жазықсыз жан өлдi деп ойлай ма екен.
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедiм,
Басқаға жануарды-ау теңгермедiм.
Көздерi мөлдiр қара ақ бөкендi,
Адамның баласынан кем көрмедiм.
Азайды соңғы кезде байғұс бөкен,
Мың-мыңдап баяғыда жүредi екен.
Бұл күнде келе жатқан жолаушыға,
Кездесiп анда-санда саяқ некен.
Кей қазақ кәсiп қылып киiктi атқан.
Мүйiзiн пайда қылып-ау шетке сатқан.
Сандалған бiр киiктi ұшыраттым,
Бiр жылы-ау Бетпақ шөлде келе жатқан.
Бетпақта келе жатыр ақсақ киiк,
Бiр жүрiп, бiрде тоқтап, басын иiп.
Қоярға шыбын жанын жер таппайды,
Мергеннiң кеудесiнде болып күйiк.
Тамады қара жерге аққан қаны,
Қиналып ентiгедi шыбын жаны.
Боялып ақ денесi қызыл қанға,
Келедi әлi бiтiп, жығылады.
Сандалып келе жатыр ақсақ киiк,
Бiр тоқтап, бiрде жүрiп әлiн жиып.
Ақбөкен сахараның ботакөзi,
Атты екен қандай адам көзi қиып.
Ақбөкен сахарада қына терген,
Кiм екен жапан түзде сенi көрген.
Аяныш сезiмi жоқ бiр қазақ-ау,
Дәл көздеп жүрегiнен атқан мерген
- 27.09.2017 19:23
- thumb_up 14
Знаете ответ? Поделитесь им!
Есть сомнения?
Не нашли подходящего ответа на вопрос или ответ отсутствует? Воспользуйтесь поиском по сайту, чтобы найти все ответы на похожие вопросы в разделе Қазақ тiлi.
Трудности с домашними заданиями? Не стесняйтесь попросить о помощи - смело задавайте вопросы!
Казахский язык — язык казахов, один из тюркских языков.