- 23.03.2016 18:16
- Қазақ тiлi
- remove_red_eye 4091
- thumb_up 12
Ответы и объяснения 1
Біз қазақ Абай ойына көп жүгініп, екі сөздің бірінде Абайды алға тарта қоятынымыз бар. Ұлттық тұжырымның бейне дайын үлгісін жасап кеткендей көрінеді. Абай сөзін айта бастағанымызға аттай елу жылда ел жаңаланып, жүз жылда қазаннан да асып барады. Арғы қазақты Абайдың өзінің замандастарын айтпағанда, өткен ХХ ғасырдың басында жазылған «Қазақтың бас ақынынан» кешегі тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жарық көрген «Анық Абайдың» тұжырымдамасына дейінгі қазақ оқығандары Абай туралы да, оның сөзі туралы да аз айтпапты. Бірақ бұл сөздердің дені гуманитарлық ғылым саласындағыларға тиесілі екен, қарасақ. Шығыс пен Батыс философиясымен сабақтасып жататын ұлы ойшылдың сөзін, ақылын қаншалықты түсініп, Абай сөзіне қаншалықты кіре алдық – міне, гәп осында. Отандық экономист ғалымдардың арасынан Оразалы Сәбден Абай сөзіне өз тұрғысынан келуі бәрімізге біраз ой тастаған тәрізді. Абай сөзінің, оның концепциясының мәңгілік екенін, мемлекет басшысының «Мәңгілік ел идеясының» негізі де осы Абай сөзінен туындап, қазақ қоғамының оның ұлттық буржуазиясының қалыптасуы мен дамуындағы Абай концепциясының айрықша екендігіне тағы бір қайтара көзімізді жеткізе түскендей. Сіздерге ұсынып отырған мақала Абай сөзіне жаңаша көзқарас тұрғысынан келген экономист-ғалым Оразалы Сәбденнің жаңа кітабына арналыпты.
- 24.03.2016 08:27
- thumb_up 19
Знаете ответ? Поделитесь им!
Есть сомнения?
Не нашли подходящего ответа на вопрос или ответ отсутствует? Воспользуйтесь поиском по сайту, чтобы найти все ответы на похожие вопросы в разделе Қазақ тiлi.
Трудности с домашними заданиями? Не стесняйтесь попросить о помощи - смело задавайте вопросы!
Казахский язык — язык казахов, один из тюркских языков.