Вопрос по казахскому языку:
Сочинение на тему салемдесу
Трудности с пониманием предмета? Готовишься к экзаменам, ОГЭ или ЕГЭ?
Воспользуйся формой подбора репетитора и занимайся онлайн. Пробный урок - бесплатно!
- 01.12.2017 20:07
- Қазақ тiлi
- remove_red_eye 4530
- thumb_up 11
Ответы и объяснения 1
Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді. Сәлем — арабтың тыныштық, бейбітшілік мағынасындағы ассалам сөзінің тілімізде фонетикалық өзгеріске түсіп, қалыптасқан түрі. Сәлемдесу — тұңғыш рет немесе араға белгілі бір уақыт салып, кездескен таныс және бейтаныс адамдардың дәстүрлі сөз, ишара не дене қимылы арқылы бір — біріне жақындық ниет, ілтипат білдіріп, жылы шырай танытуы. «Сәлем — сөздің басы» делінетіні де сондықтан. Тегінде, әдеп, адамшылық — амандасудан басталады. Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі — сәлемдесу. Оның шарапаты мен кереметі сонда — адамзат әдебінің қалыптасуында, жұмыр басты пенделердің бір — біріне жылы мейір мен кең пейіл көрсетуінде, достықты, өзара жақындықты бейнелеуде аса зор маңызға ие. Сондықтан бүлдіршіндерге ең алдымен үлкенге сәлем беру әдебін үйрету қажет. Адам баласы қашанда тыныш — бейбіт, басы аман, бауыры бүтін, бір — бірімен тату — тәтті, сыйласып өмір сүруді аңсап, армандаған. Соның негізін сәлемдесу салған. Балаларды жастайынан ең алдымен таңертең ұйқыдан тұрған соң, беті — қолдарын жуып келіп, ата — анасына, отбасы мүшелеріне, қонақтарға сәлем беруге дағдыландыру керек. Адамның әр күнгі іс — қимылы таңертеңгі сәлемнен, жақсы лебіз, қошеметтен басталатынын сәбиге түсіндіру керек.
- 02.12.2017 02:12
- thumb_up 15
Знаете ответ? Поделитесь им!
Есть сомнения?
Не нашли подходящего ответа на вопрос или ответ отсутствует? Воспользуйтесь поиском по сайту, чтобы найти все ответы на похожие вопросы в разделе Қазақ тiлi.
Трудности с домашними заданиями? Не стесняйтесь попросить о помощи - смело задавайте вопросы!
Казахский язык — язык казахов, один из тюркских языков.