- 15.09.2018 01:51
- Қазақ тiлi
- remove_red_eye 5410
- thumb_up 10
Ответы и объяснения 1
Тұсау кесу - қазақтың ұлттық салты, атадан балаға беріліп келе жатқан дәстүр. Тұсау кесу мерекесі шамамен баланың бір жасқа толған кезінде жасалады. Оның аяғы тез қатайсын, тез жүріп кетсін деген ниетпен, баланың аяғына жіп оратылып, кесіледі. Бұл ырымнан соң бала тез жүріп кетеді деген сенім бар. Алайда, тұсауды кез-келген адам кесе бермейді. Оны тек көпті көрген, білгені мол және жасы үлкен адамдарға кестіртеді. Тұсау кесу рәсімі кезінде баланың алдына домбыра, ақша, автокөлік кілті сынды заттар қойылады. Баланың таңдауына байланысты, ертеңгі күні қандай маман иесі болатынын білуге болады дейді халық арасында. Мысалы, домбыра таңдалатын болса, өнерлі болады және ақша таңдайтын болса, ақшалы болады. Тұсау кесу барысында "Тәй-тәй" әні шырқалып, барлық қонақтар балаға өзінің жылы лебізін білдіреді.
- 16.09.2018 00:26
- thumb_up 47
Знаете ответ? Поделитесь им!
Есть сомнения?
Не нашли подходящего ответа на вопрос или ответ отсутствует? Воспользуйтесь поиском по сайту, чтобы найти все ответы на похожие вопросы в разделе Қазақ тiлi.
Трудности с домашними заданиями? Не стесняйтесь попросить о помощи - смело задавайте вопросы!
Казахский язык — язык казахов, один из тюркских языков.