Трудности с пониманием предмета? Готовишься к экзаменам, ОГЭ или ЕГЭ?
Воспользуйся формой подбора репетитора и занимайся онлайн. Пробный урок - бесплатно!
- 09.11.2016 19:27
- Қазақ тiлi
- remove_red_eye 18559
- thumb_up 21
Ответы и объяснения 1
Тиін — әрі епті, әрі жеңіл қимылдайтын, әрі жақсы өрмелейтін және талдан талға оңай секіретін омыртқалы жануар. Қоректері: емен жаңғағы, грек жаңғағы, бадам (миндаль), орман жаңғағы, гүлдің қауызы, саңырауқұлақ, жаңа ағаш қабықтары, жәндік, ұлулар болып табылады. Ғылыми болжамдар бойынша дүние жүзіндегі миллиондаған ағаштар тиіндердің көміп-сақтаған, кейін ұмытып кеткен қауашақ сортты ағаш тұқымдастарынан өсіп жетілуде. Тиіндер дәндер мен жаңғақтарды бөлек-бөлек топыраққа мұқият көмеді, не ағаш қуыстарына жасырады. Дене тұрқы 16 – 28 см, салмағы 450 – 600 г. Түсінің үстіңгі бөлігі ақшыл сұр не жирен, қоңыр, ал астыңғы бөлігі толығымен ақ болып, үлпілдек, қалың жүнді, құйрығы ұзын (23 см-ге дейін) болып келеді. Артқы аяқтары ұзынырақ және мықты болған соң ағаштан ағашқа қарай 10-12 метрге дейін секіре алады. Мұншалықты ұзындыққа секіруге оның үлпілдек құйрығы көмектеседі. Орташа өмірі 10 жылға дейін. Тұрғылықты аң, орманды және ағашты жерлерде, тоғайларда мекендейді. Азықтары мол жылдары көбейіп, ал азық қоры аз жылдары саны өте кеміп кетеді. Орташа өмірі 10 жылға дейін. Қоректері аз жылдары олар ауып, ауыл шетіндегі бау-бақшаға, парктерге келеді. Қазақстанның шығыс, орталық және солтүстік аймақтарында, Тянь-Шань мен Жетісу (Жоңғар) Алатауының арағайлы ормандарында мекендейді. Ұясын ағаш басына, кейде кеуегіне, не жартас жарығына, немесе тоқылдақ тескен ойықтарға 30-40 см диаметрде салады. Ұясының ішін мүктермен және шөптермен әрлейді.
- 01.01.1970 00:00
- thumb_up 5
Знаете ответ? Поделитесь им!
Есть сомнения?
Не нашли подходящего ответа на вопрос или ответ отсутствует? Воспользуйтесь поиском по сайту, чтобы найти все ответы на похожие вопросы в разделе Қазақ тiлi.
Трудности с домашними заданиями? Не стесняйтесь попросить о помощи - смело задавайте вопросы!
Казахский язык — язык казахов, один из тюркских языков.