Вопрос по казахскому языку:
Ребят помогите написать сочинение на казахском как я провел лето 5 предложений
1 ответ сделаю лучшим плиииииииииииизззззззззззз
Трудности с пониманием предмета? Готовишься к экзаменам, ОГЭ или ЕГЭ?
Воспользуйся формой подбора репетитора и занимайся онлайн. Пробный урок - бесплатно!
- 08.10.2015 00:47
- Қазақ тiлi
- remove_red_eye 7769
- thumb_up 40
Ответы и объяснения 1
Менің аты-жөнім Жұмабай Әмина Жеңісқызы. Мен 9 жастамын. Ақтау қаласында тұрамын. Жазғы демалыста ата-апамның ауылына бардым. Олар Шымкент қаласы, Қазығұрт ауданында тұрады. Оңтүстікте жемістер өте көп піседі. Сол жемістерді жинап, қысқа дайындауға ата-апаларыма көмектестім. Мен ауылда басқа да үй шаруасына көмектестім. Өрік теріп, бұзау айдап, құрт жасап және сиыр сауып үйрендім. Терілген өрікті күн көзіне жайып, қақ жасаймыз. Ауылда жұмыс көп. Мен ауылды өте жақсы көремін. Ауылда адамдар еңбекпен көп шұғылданады. Менің төрт бауырым бар. Олардың жастары менен кіші. Мен ең кіші сүйкімді інім Ахметті жаз бойы қарадым. Ол жеті айлық. Анама бала қарауға, жаялық жууға, үй жинауға жәрдем етемін. Анам - мұғалім, әкем - қызметкер. Олар әрқашан жұмыста, оқуда. Маған анам айтады: «Сен үйдің үлкенісің бауырларыңа мейіріммен қарасаң, олар өскенде саған өте мейірімді болады», дейді. Мен бауырларымды қатты жақсы көремін. Сондай-ақ, маған анам Джеймс Гринвудтың «Өгей шеше» атты кітабын әперді. Кітап маған қатты ұнады, жылағым келді. Себебі, кітап өте аянышты. Өйткені, өгей шеше баланы қатты қинайды, ұрады, тамақ бермей қояды. Бір күні кішкене қарындасын құлатады. Өгей шеше ұрады, бала қашып кетеді. Баланың қиыншылық көргендері суреттеледі. Мен кітапты оқып бітірдім. Міне, біз Ақтау қаласына да келдік. Жазғы демалысым мен үшін өте қызықты өтті. Сабақ басталады, енді сабаққа дайындалу қажет. Мектептегі достарымды сағындым.
- 08.10.2015 23:09
- thumb_up 25
Знаете ответ? Поделитесь им!
Есть сомнения?
Не нашли подходящего ответа на вопрос или ответ отсутствует? Воспользуйтесь поиском по сайту, чтобы найти все ответы на похожие вопросы в разделе Қазақ тiлi.
Трудности с домашними заданиями? Не стесняйтесь попросить о помощи - смело задавайте вопросы!
Казахский язык — язык казахов, один из тюркских языков.