Трудности с пониманием предмета? Готовишься к экзаменам, ОГЭ или ЕГЭ?
Воспользуйся формой подбора репетитора и занимайся онлайн. Пробный урок - бесплатно!
- 02.04.2017 09:41
- Қазақ тiлi
- remove_red_eye 2330
- thumb_up 22
Ответы и объяснения 1
Бейбіт елім тып-тыныш,
Қойны толған бақ, ырыс,
Елмен бірге кенеліп,
Рақатқа бөленіп,
Жатқанда алып жан тыныс, -
Ел тынышын кетірген,
Алас ұрып лепірген,
Құлаққа кеп шалынды
Сұры суық бір дыбыс
Құлақ түріп тыңдасам:
Дыбысы екен жаулардың —
Адамға қас аңдардың,
Іздеп келген қанды ұрыс.
Тұрпатына қарасам:
Дүниені обардай,
Обыр-жеміт қомағай
Қан аңсаған қара құс,
Европаның жан-жағын
Салып қанды қармағын,
Шеңгеліңінен қан ағып,
Қай сұмдыққа бармадың?!
Толмағандай жемсауың,
лғың келіп жер шарын
Кұтырғанын, емес пе,
Бізге ауылды салғанық!
Ата жаумен айқастық
Асқар таудай еліме,
Байтақ жатқан жеріме
Шапты фашист дегенде,
Ашуменен аралас
Жыр да келді көмейге,
Қаһар, қаулап денемдеКөз жібердім мен елге:
Сонда елімнің түрінен
Тастай болып түйілген —
Қаһармандық аңғардым
Жау сазайын берерге.
Жау тиді деп саспастан,
Аяқтарын нық басқан,
Айбатынан көресің
Аспанмен күші астасқан,
Құйған құрыш тәрізді
Түлғасында күшті ызғар
Батырлықпен үштасқан.
Қорғауға елді кім шықпас,
Аттанар қала, далам да:
Кәрі дүние килікті
Жайнаған біздің заманға.
Адырға шығар деген бар
Асыққан аң ажалға
Екі дүние айқасты
Майдандасқан алаңда,
Қаһарланып аттандық
Қаусаған кәрі дүниеден
Енді тамтық қалар ма?
Олар фашист — сұр жылан
Уын шашқан адамға!
Денеге уын дарытпай,
Жаныштап басын жыланнын
Салайық, халқым табанға!
Ондай мерез ордасы
Қалмасын тіпті ғаламда.
Жас емірдің жайқалған
Жұлғызбай жалғыз жапырағын,
Жайпайық деп жауларды
Жар салды жырау жаранға!
- 03.04.2017 09:46
- thumb_up 39
Знаете ответ? Поделитесь им!
Есть сомнения?
Не нашли подходящего ответа на вопрос или ответ отсутствует? Воспользуйтесь поиском по сайту, чтобы найти все ответы на похожие вопросы в разделе Қазақ тiлi.
Трудности с домашними заданиями? Не стесняйтесь попросить о помощи - смело задавайте вопросы!
Казахский язык — язык казахов, один из тюркских языков.