- 15.08.2015 08:14
- Қазақ тiлi
- remove_red_eye 16120
- thumb_up 39
Ответы и объяснения 1
Әр елдің астанасы мемлекеттің алтын бесігі болып саналады. Ал қазақтың төрт құбыласындай болған төрт астананың мемлекеттің мемлекет болып, ұлттың ұлт болып қалыптасуында алар орны ерекше. Олар: Ресей жеріндегі Орынбор, Сыр бойындағы Ақмешіт, Алатау баурайындағы Алматы және Сарыарқа төсіндегі Астана. Біз Ақмешіт алаштың алғашқы астанасы деп мақтан тұтуымыз тегін емес . Өйткені 1920-25 жылдары Орынборды Қазақ-қырғыз АССР ның әкімшілік орталығы деп аталды. Одан кейін астана мәртебесі қазақ қалың жайғасқан ата қоныс жібек жолының басты торабы ретінде Сыр бойының бас қаласы Қызылордаға берілді. Осы тұста мемлекетіміздің тарихы қалыптасуына, қазақ халқының тарихи атауының қайтарылуына қызмет жасады. Иә, талай сырды қойнауына бүккен, талай тарланды қанатандырған Сыр шахарының көшелерінде өмір ағымына, халық тағдырына қабырғасы қайысқан қайраткерлер Сәкен, Бейімбет Ильястарлың ізі сайрап жатыр. Сол заманда саз балшықтан соғылған темір жолы вокзалы, қазақ драма театры, өндірістік нысандар Ақмешішітте бой көтерген алғашқы ғимараттар бүгінде көненің көзіндей сыр шертіп тұрғандай. Осынау заманмен ілесіп, талай ұрпақ дүние есігін ашып, қазақ деген атқа лайықты өмір кешіп келеміз. Бүгінде бірлігі бекем, тұтастығы мол егемен елде тұрып жатырмыз. Ал еңселі елордамыз Астана күннен күнге қарыштап дамып, әсемдігімен баурап алуда.
- 16.08.2015 04:34
- thumb_up 4
Знаете ответ? Поделитесь им!
Есть сомнения?
Не нашли подходящего ответа на вопрос или ответ отсутствует? Воспользуйтесь поиском по сайту, чтобы найти все ответы на похожие вопросы в разделе Қазақ тiлi.
Трудности с домашними заданиями? Не стесняйтесь попросить о помощи - смело задавайте вопросы!
Казахский язык — язык казахов, один из тюркских языков.