- 19.11.2015 18:00
- Қазақ тiлi
- remove_red_eye 15277
- thumb_up 31
Ответы и объяснения 1
Менің арманым.Адам баласының арманы көп болады ғой. арман адамды алға жетелеп, көптеген ерліктерге, адал, батыл әрекеттерге итермелейді. армансыз адам – ормансыз бұлбұл дейді қазақ халқы. ал мен «арманы жоқтың – жаны жоқ», - деп айтар едім. себебі, менің ойымша, жаны нәзік адамдар ғана армандай біледі.Шынымен де, Адамға Алланың берген ерекше қасиеті — армандай білу. Ал, нені, қалай армандайсың — ол әр адамның өз өресіне, өзіне деген сеніміне байланысты. Асыл арман дейміз, асқақ арман деп, арасында орындалмас арман деп те қоямыз. «Арманың орындалсын», — деген тілекті жиі естиміз.Өз арманым туралы айтып өтетін болсам, менің армандарым көп. саралай отырып, ең бастысын айтсам – жер бетіндегі адамдардың бәрі мейірімді болса екен, жер бетінде тыныштық пен бірлік болса екен деймін. сол жағдайда ғана барлық адамдардың арманы орындалады.Менің басқа армандарыма тоқталатын болсақ, олар өте көп. Мен отбасымның мәңгілік бахытты өмірі туралы армандаймын. келешекте білікті маман болғым келеді, әнші де болғым келеді, дәрігер де болғым келеді, мұғалім де болғым келеді. адамдарға жақсылық пен ізгілік сыйлағым келеді. көптеген жетістіктерге жеткім келеді. жер шарын аралап, саяхат жасауды да армандаймын. менің арманым көп.Қай арманыма қолым жетіп, қай арман мені өмір бойы жетелейтінін білмеймін. бірақ, бір білетінім – арманымның орындалуы өз қолымда. ол үшін жақсы оқып, алға ұмтылу керек. бір орында отыра берген адамның арманы түгіл, ісі де алға баспайды. сондықтан, менің өмірлік ұстанымым – «Тек алға!!!»
- 20.11.2015 06:19
- thumb_up 39
Знаете ответ? Поделитесь им!
Есть сомнения?
Не нашли подходящего ответа на вопрос или ответ отсутствует? Воспользуйтесь поиском по сайту, чтобы найти все ответы на похожие вопросы в разделе Қазақ тiлi.
Трудности с домашними заданиями? Не стесняйтесь попросить о помощи - смело задавайте вопросы!
Казахский язык — язык казахов, один из тюркских языков.