Вопрос по казахскому языку:
Сочинение на тему "Абай өлеңдеріндегі табиғат"
Трудности с пониманием предмета? Готовишься к экзаменам, ОГЭ или ЕГЭ?
Воспользуйся формой подбора репетитора и занимайся онлайн. Пробный урок - бесплатно!
- 17.01.2018 05:17
- Қазақ тiлi
- remove_red_eye 16231
- thumb_up 37
Ответы и объяснения 1
Абай шығармашылығы – адамзат даналығының таусылмас қазынасы. Бұл қазынаны ақтарған сайын тың жаңалықтар көзін тауып, сөз өнері бағзы заманнан іркіліссіз жалғасқан қазақ елін әлемдік мәдениетке жеткізу жолындағы рухани бастаушыны танитынымыз анық. Оның даналығы мен парасаттылығы, озық идеялары – халқымызды дамыған елдер кеңістігіне апарар лайықты жолға жөн сілтейді.Абай мен М.Әуезов мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, маңызын жоймайтын зерттеудің қайнар көзі. Бұл күндері қос ғұлама есімі ұлттық сана-сезімде мәңгі аталатын ұлы тұлғаларға айналды. Дана Абайдың қазақ халқының рухани ұстазы ретінде танылып, әлемдік көркем ойдың алтын қазынасына айналуы – оның өз мұрасы ғана емес, сонымен бірге М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы арқылы жүзеге асты. Бұл ретте ең бірінші тілге тиек етеріміз – Мұхтар әлемінің Абай әлемімен рухани сабақтастық мәселесі. Бүгін біздің назарымызды көбірек аударуға тиіс нәрсе Мұхтар Әуезовтің ұлы Абаймен рухани жақындық-жалғастығы. Осы жайында академик З.Ахметов: «Мұның өзі дүниежүзі әдебиетіндегі айрықша құбылыс. ...Абайды әлемге әйгілеу үшін Әуезов қандай қажет болса, Мұхтар Әуезовтің дүниежүзі мәдениетінің биігіне көтерілуіне Абай мұрасы, Абайдың өнерпаздық, ойшылдық дәстүріндей үлкен тірек сондай қажет еді» [1, 32-б.] деп, Абай мен Мұхтардың рухани сабақтастығының дүниежүзі әдебиетіндегі маңызын айрықша атап көрсетсе, «М.Әуезовтің өміртанымын, көзқарасын сөз еткенде ұлы Абайдың рухани дәстүрінсіз талдау мүмкін емес. Онсыз Мұхтар тұлғасы толық ашылмайды», деп ескертеді ғалым Т.Жұртбай [2, 11-б.].
- 18.01.2018 07:50
- thumb_up 9
Знаете ответ? Поделитесь им!
Есть сомнения?
Не нашли подходящего ответа на вопрос или ответ отсутствует? Воспользуйтесь поиском по сайту, чтобы найти все ответы на похожие вопросы в разделе Қазақ тiлi.
Трудности с домашними заданиями? Не стесняйтесь попросить о помощи - смело задавайте вопросы!
Казахский язык — язык казахов, один из тюркских языков.