- 02.05.2015 14:36
- Қазақ тiлi
- remove_red_eye 4021
- thumb_up 39
Ответы и объяснения 1
Адлов Василий Васильевич (Фридрих Вильгельм) (5.1.1837, Берлин — 12.5.1918, Санкт-Питербург)[1] — Ресей шығыстанушысы, этнограф, археолог, Петербург Ғылым Академиясының академигі (1884). Полиция қызметкерінің отбасында дүниеге келген. Жасында гимназияда оқыған, Берлин университетін бітірген (1858). Осы тұста ол араб тілі,парсы тілі, түрік тілі, татар тілі, моңғол, манчжур, қытай тілі, т.б. тілдерді үйренді. Радлов 1858 ж. Ресейге көшіп келіп, Алтай өлкесінде мұғалім болды. Кейіннен Қазан оқу бөлімінің татар, қазақ, башқұрт мектептерінің инспекторы (1871 — 84), Азия (1885 — 90), антропология және этнография (1894 — 1918) музейлерінің директоры, Орталық және Шығармалары Азияны зерттеу жөніндегі орыс комитетін құрушылардың бірі, оның басшысы (1903 — 18) болды. Радловтың ғылыми өмірі үш кезеңге бөлінеді: Алтай, Қазан,Петербург. Алтай кезеңінде (1859 — 71) Батыс Сібір, қырғыз даласы, Хакасия, Жетісу аймақтарында тіл, фольклор, этнография материалдарын жинаумен айналысты. Қазан кезеңінде (1871 — 84) “Солтүстік түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы” және “Сібірден” (екеуі де неміс тілінде) aтты екі еңбегі жарық көрді. Петербург кезеңінде (1884 — 1918) “Түркі тілдері сөздігін жасау тәжірибесі” атты көп томдығы баспадан шыға бастады (әлі күнге дейін толық жарық көрмеген, 4 жинағы шыққан). 1891 ж. ол Ресей ҒА экспедициясын басқарып, Моңғолия жеріндегі Орхон ескерткіштерін зерттеген. 10-нан астам әріп таңбаларын оқып, Кошо-Цайдам ескерткіштерінің фонет.-грамматикалық ерекшеліктері туралы жазды, мәтіндердің орыс тіліндегі транскрипциясын жасады. Әр жылдары “Құтты білік” (1891 — 1910), “Тоныкөк” (1899) ескерткіштерінің аудармасы мен транскрипциясын жариялады.
- 03.05.2015 08:35
- thumb_up 32
Знаете ответ? Поделитесь им!
Есть сомнения?
Не нашли подходящего ответа на вопрос или ответ отсутствует? Воспользуйтесь поиском по сайту, чтобы найти все ответы на похожие вопросы в разделе Қазақ тiлi.
Трудности с домашними заданиями? Не стесняйтесь попросить о помощи - смело задавайте вопросы!
Казахский язык — язык казахов, один из тюркских языков.