- 25.01.2017 11:59
- Қазақ тiлi
- remove_red_eye 1789
- thumb_up 79
Ответы и объяснения 2
Толықтауыштың сұрақтары: кімді? нені? кімге? неге? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? кім(не) туралы? кім (не) жөнінде? кім (не) жайында?Анықтауыштың негізгі белгілері;
1. Зат есімнен немесе заттанған басқа сөз таптарынан болған сөйлем мүшесінің сындық, сандық, иелік, мөлшерлік т.б белгілерін білдіреді
2. Қандай? Қай? Қанша? Неше? Кімнің? ненің? деген сұрақтарға жауап береді
3. Өзі анықтайтын мүшемен байланыс *матасу, қабысу түрінде болады
Пысықтауыштың мағыналық түрлері
1. Мезгіл пысықтауыш. Қашан? Қай кезде? Қай уақытта? Ол бүгін келеді. Таңертеңгі шайдан соң Абай әкесіне келді.
2. Мекен пысықтауыш. Қайда? Қай жерде? Қай жақта? Қайдан? Әжесі үйде қалды. Қайсар биыл мектепке барады. Біз қала маңынан келдік.
3. Мақсат пысықтауыш. Кім үшін? Не үшін? Неге? Қандай мақсатпен? Сәуле зат алғалы келді. Ол әдейі кірді. Мен осыны айту үшін сөйлестім.
4. Амал пысықтауыш. Қалай? Қайтіп? Қалайша? Жиналыста шапшаң сөйледі. Бала жүгіре - жүгіре шаршады. Бұл сөзді естігенде, ол сылқ - сылқ күлді.
5. Себеп пысықтауыш. Неліктен? Не себептен? Сен түсінбегендіктен айта алмадық. Ол қуанғаннан қозғалмай қалды.
6. Мөлшер пысықтауыш. Қанша? Қалай? Сабақта ұзақ сөйледі. Емтиханға жаппай кірді. Тақтайды ұзын кес.
- 26.01.2017 15:08
- thumb_up 8
толықтауыш болатын сөз Кімге? Неге? Кімді? Нені? Кімде? Неде? Кіммен? Немен? Кім туралы? Не туралы? Кім жөнінде?. Анықтауыш Қандай? Қай? Қанша? Неше? Нешінші? Кімнің? Ненің?
- 27.01.2017 13:24
- thumb_up 33
Знаете ответ? Поделитесь им!
Есть сомнения?
Не нашли подходящего ответа на вопрос или ответ отсутствует? Воспользуйтесь поиском по сайту, чтобы найти все ответы на похожие вопросы в разделе Қазақ тiлi.
Трудности с домашними заданиями? Не стесняйтесь попросить о помощи - смело задавайте вопросы!
Казахский язык — язык казахов, один из тюркских языков.