Вопрос по казахскому языку:
Помогите написать сочинение на тему почему я изучаю казахский язык
Трудности с пониманием предмета? Готовишься к экзаменам, ОГЭ или ЕГЭ?
Воспользуйся формой подбора репетитора и занимайся онлайн. Пробный урок - бесплатно!
- 15.02.2017 23:00
- Қазақ тiлi
- remove_red_eye 12774
- thumb_up 73
Ответы и объяснения 1
Негізі тіл үйренуге мүлде қабылетсіз адам болмайды. Тіпті ақыл-есі шектеулі адамдардың өзі де әйтеуір бір тілде сөйлеп, оқып, жазып біледі ғой. Бұрын қазақ мектебін бітірген қыз-жігіттер оқу іздеп ауылдан қалаға келгесін, тез арада ортаға бейімделіп, қиналса да сабақты орыс тілінде оқып, тым жақсы маман боп шығып жататын. Бір орысы жоқ қазақ ауылдарынан шыққан ер балалар армияға барғасын, екі жылдың ішінде орыс тілін үйреніп қайтушы еді. Былайынша еңбекқор, пысық жандар болса да қазақ тілін үйренуге ерінетін, тіпті өздерінің жалқаулығын жасыру үшін: «Менің тіл үйренуге түк қабылетім жоқ, қанша оқысам да миымда тұрмайды» дейтіндер толып жатыр.
Қазақ тілін үйренемін деушілердің бәріне тіл үйренгіңіз келген екен, шыдамды болыңыз, сабырлы болыңыз, тез үйрене қоймадым деп күйгелектенбеңіз, Абай атамыз айтқандай, «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға» дер едім. Тек ерінбеңіз. Иә, еріншектік қашанда бәріміздің қыр ізімізден қалмайтыны рас, ал біз әлсіз пендеміз. Бірақ еріншектікке ерік бермей басып тастай білуіміз керек.
- 17.02.2017 03:49
- thumb_up 43
Знаете ответ? Поделитесь им!
Есть сомнения?
Не нашли подходящего ответа на вопрос или ответ отсутствует? Воспользуйтесь поиском по сайту, чтобы найти все ответы на похожие вопросы в разделе Қазақ тiлi.
Трудности с домашними заданиями? Не стесняйтесь попросить о помощи - смело задавайте вопросы!
Казахский язык — язык казахов, один из тюркских языков.