Вопрос по казахскому языку:
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл шығарма керек 10 сөйлемнен кем емес
- 02.06.2015 20:07
- Қазақ тiлi
- remove_red_eye 16465
- thumb_up 48
Ответы и объяснения 1
Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің өз тілдерін сақтауына, дамытуына жасалып жатқан қамқорлық баршылық, бұл – жақсы. Менің қанағаттанбаушылығым қазақ тіліне, мемлекеттік тілге байланысты. Жалпы, біздегі тіл мәселесі дегенде, әңгіме тек қазақ тілі туралы болуы керек қой.
Тілші ғалымдардың айтуына қарағанда, жыл сайын дүние жүзінде шамамен 25 тіл жойылады екен. Әрине, қазақ тіліне ондай қауіп әзірге төніп тұрған жоқ. Сондай-ақ бір миллион адам сөйлейтін тіл өлмейді дейтін тағы бір пікір бар. Бірақ, солай екен деп қол қусырып немесе көпірме сөзді малданып отыра беруге болмайды.
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту тұрғысында айтсақ, бұл жерде алдымен намыс жетпейді, жеті атасынан бері қазақ болып келе жатқандардың, Қазақстанды мекен етушілердің қазақша білмеуі – сол намыссыздықтан. Ал мемлекетке қызмет ететін, қызмет етуге тиіс қызметкерлер мен шенеуніктердің сол мемлекеттің тілін білмеуі – ниеттің жоқтығынан. Президент “Ана тілі” газетінде айтты ғой, мына әкімқаралар мен министрлер сол айтылғандарды асыра орындамаса да, жетеғабыл етсінші. Жетіп жатыр.
- 03.06.2015 05:16
- thumb_up 32
Знаете ответ? Поделитесь им!
Есть сомнения?
Не нашли подходящего ответа на вопрос или ответ отсутствует? Воспользуйтесь поиском по сайту, чтобы найти все ответы на похожие вопросы в разделе Қазақ тiлi.
Трудности с домашними заданиями? Не стесняйтесь попросить о помощи - смело задавайте вопросы!
Казахский язык — язык казахов, один из тюркских языков.