Трудности с пониманием предмета? Готовишься к экзаменам, ОГЭ или ЕГЭ?
Воспользуйся формой подбора репетитора и занимайся онлайн. Пробный урок - бесплатно!
Пожаловаться
- 09.10.2016 05:45
- География
- remove_red_eye 19895
- thumb_up 47
Ответы и объяснения 1
Аңыз әңгімелер халық ауыз әдебиетінің бір саласына жатады. Аңыз дегеніміз не ? Аңыз дегеніміз - тарихта болған әйгілі адамдар немесе елдің, рудың шыққан тегі туралы әңгіме. Немесе нақтылы бір жерде өткен оқиғалар жайлы тарихи шындыққа негізделген, бірақ уақыт өте келе, көркем шығармаға айналып кеткен әңгіме. Аңыз әңгімелердің тарихи аңыздар, топонимикалық аңыздар, батырлар туралы аңыздар, ғашықтар туралы аңыздар деген түрлері бар. Тарихи оқиғаларға, тарихта болған адамдардың іс-әрекетіне байланысты туған аңыздар тарихи аңыздар деп аталады. Мұндай аңыздарға Қорқыт, Ахмет Йасауи, Әбу Насыр әл-Фараби, Шыңғыс хан, Асан қайғы, Жәнібек, Жиренше Қабанбай, Бөгенбай, Махамбет Исатай және тағы да басқа қазақ батырларының ерлігіне байланысты туған аңыздар да тарихи аңыздарға жатады. Аңыз мазмұнындағы тарихи оқиға белгілі бір мекенмен, тау -таспен өзен - көлмен байланыстырыла айтылса, мұндай аңыз әңгімелер топонимикалық деп аталады.себебі олар белгілі бір географиялық нүктенің неліктен солай аталатынын түсіндіреді. топонимикалық аңыздарға Бурабай , Баянауыл, Шайтанкөл, Марқакөл, Екібастұз және тағы да басқа көптеген жер -су аттарымен байланысты аңыздар жатады. Ата-бабаларымыздың қаһармандығы туралы баяндалатын батырлар туралы аңыздар да ауыз әдебиетімізде айрықша орын алады. бұлардың қатарына массагеттер патшайымы Томирис, Отанын құтқару жолында өз өмірін құрбан еткен бақташы Шырақ жайындағы аңыз әңгімелерді жатқызамыз. Қазақ аңыздарының үлке бір тобын ғашықтардың махаббат хикаялары құрайды. бұларға Зарина ханшайымның, Айша бибі арудың, Балқаш қыздың бастарынан өткен оқиғалары жатады. Қазақ аузыз әдебиетіндегі көптеген аңыз әңгімелер ақылды, дана, әділ, шешен адамдар ретінде халықтың сүйікті кейіпкерлеріне айналған Жиренше шешен мен Қарашаш туралы.
Пожаловаться
- 01.01.1970 00:00
- thumb_up 16
Знаете ответ? Поделитесь им!
Есть сомнения?
Не нашли подходящего ответа на вопрос или ответ отсутствует? Воспользуйтесь поиском по сайту, чтобы найти все ответы на похожие вопросы в разделе География.
Трудности с домашними заданиями? Не стесняйтесь попросить о помощи - смело задавайте вопросы!
География - наука о земной поверхности.
Новые вопросы
Интересные вопросы